Еңбек құқықтық қатынастарынан туындаған дауларды шешу мәселелеріне қатысты шет елдердің тәжірибесін салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 473

Авторлар

  • А.А. Сейдимбек «М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-157-169

Кілт сөздер:

еңбек әділдігі, еңбек даулары, шетелдік тәжірибе, еңбек құқықтарын қорғау, мамандандырылған еңбек соттары, үй алдындағы соттар, татуласу

Аңдатпа

Мақалада Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания, Польша, Литва сияқты шет елдерде еңбек құқықтық қатынастарынан туындаған дауларды шешудің ұйымдық-құқықтық негіздерін зерттеу жүргізілді. Қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстарын талдау негізінде еңбек құқықтарын қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизміне, сонымен қатар сот тәртібінде шешуге назар аударылды. Аталған елдердің зерттелетін мәселені реттеудегі тәжірибесінің оң аспектілері атап өтілді. Бүгінгі таңда еңбек дауларын шешудің құқықтық негіздерін айқындайтын қазақстандық заңнама Еуропа мен әлемнің жетекші елдерінің осыған ұқсас заңнамасынан едәуір артта қалып отырғаны негізделді, бұл, әрине, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау сапасына теріс әсер етеді. Жүргізілген талдау негізінде еңбек құқығы субъектілерінің еңбек саласындағы өздерінің субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен және соттан тыс тәртібімен қорғау кепілдіктерін жетілдіру үшін Қазақстанда аталған елдердің тәжірибесін есепке алу мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы тиісті қорытындылар жасалды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының АПК-ін соттарда еңбек дауларын қарау ерекшеліктерін реттейтін қосымша бір тараумен толықтыру ұсынылды. Бұл қаралып отырған мәселе бойынша заңнаманың әлемдік деңгейіне жақындауға мүмкіндік береді және келешекте Қазақстанда
мамандандырылған еңбек әділеттілігін құру үшін алғышарттарды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, еңбек дауы тараптарын, әсіресе жеке тұлғаны татуластыру рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сейдимбек, А. . (2023). Еңбек құқықтық қатынастарынан туындаған дауларды шешу мәселелеріне қатысты шет елдердің тәжірибесін салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 143(2), 157–169. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-143-2-157-169

Журналдың саны

Бөлім

Статьи