Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құрудың қазақстандық әдіснамасындағы жаңа аспектілер
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 184
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-142-1-59-80Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың әдіснамасы, сыбайлас жемқорлық тәуекел аймақтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың стратегиясы мен тұжырымдамасыАңдатпа
Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мемлекеттің қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жалпыұлттық саясатының құрылымында маңызды орын алады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан бұрын ұстанған күрестің ұзақ мерзімді стратегиясымен салыстырғанда қысқа мерзімді қарсы іс-қимыл тұжырымдамасында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа мемлекеттік саясаттың артықшылықтарын анықтау.
Қол жеткізілген нәтижелер: стратегиямен салыстырғанда елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тұжырымдамалау әдістемесі оның икемділігіне байланысты неғұрлым нәтижелі болып табылады, бұл конъюнктуралық өзгерістерге, өзекті әлеуметтік сұраныстарға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді; өмір мен қызметтің әртүрлі салаларын қарқынды цифрландыру жағдайында IT технологияларды қолдану қауіпсіздігі шаралары жүйесін құру жөніндегі тұжырымдамалық ережелерді түзетуді талап ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жаңа аймақтары қалыптасты.