Қашықтан жұмыс істеу: Қазақстанда және шет елдерде жұмыскердің еңбегін құқықтық реттеу мен олардың ерекшеліктері
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 132
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-155-169Кілт сөздер:
жұмыскер, жұмыс берушінің жұмыс орнынан тыс жердегі жұмыс, қашықтан жұмыс, қашықтан аралас жұмыс істеу, еңбек тәртібіАңдатпа
Мақалада Қазақстанда және шетелде қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу қарастырылады. Бүгінгі күні еңбекпен қамтудың жұмыс берушінің жұмыс орнынан тыс жердегі жұмыстың нысандары дамыған елдердің де, дамушы елдердің де назарында. Мақалада ашықтан жұмыс істеу туралы туралы қазақстандық заңнамаға талдау жасалып, әртүрлі елдердің еңбек заңнамасындағы қашықтан жұмыспен қамтуға қатысты соңғы өзгерістер қарастырылған. Бұл зерттеудің пәні болып жұмыс берушінің жұмыс орнынан тыс жердегі жұмыс және қашықтан жұмыс жасау табылады. Зерттеудің мақсаты – қашықтан жұмыс істеудің ерекшеліктерін анықтау, оны Қазақстан Республикасында реттеудің оңтайлы жолын қарастыру, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу тараптары арасындағы қарым-қатынастарды рәсімдеу жолдарын ұсыну. Зерттеу міндеттері: қашықтан жұмыс істеудің ерекше белгілерін сипаттау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; қашықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеу саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу; қашықтан жұмыс жасаудағы қатынастарды реттеудің оңтайлы әдісін қарастыру. Қашықтан жұмыс істеуді реттеуге байланысты еңбек заңнамасының мәселелері, сондай-ақ Қазақстандағы жұмыспен қамтудың стандартты емес нысандарын пайдалану бөлігінде еңбек заңнамасын өзгерту қажеттілігіне әкелген себептер анықталды.