Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдардын мемлекеттік сатып алуға қатысуының жекелеген мәселелері


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 129

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-49-58

Кілт сөздер:

мүгедектігі бар адамдар, әлеуметтік кәсіпкер, мемлекеттік сатып алу, мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестігі

Аңдатпа

Дүние жүзіндегі елдердің көпшілігі мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттарына тұрақтылық элементтерін қосуда. Осындай элементтердің бірі мемлекет тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ете отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік өлшем болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға белгілі артықшылықтар береді, егер тауар өндіріп және (немесе) тауар беріп, немесе жұмыстарды орындап, қызметтерді көрсетін жағдайда. Осы мақалада мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жекелеген санаттарының қатысуын құқықтық реттеу және артықшылықтар беру тәртібі қарастырылып, олардың қатысу мүмкіндігі мен тиімділігіне әсер ететін олқылықтар анықталған. Мақалада мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен берілетін артықшылықтарды оған құқығы жоқ басқа адамдардың әділетсіз пайдалану проблемалары талданады, сондай-ақ қаражатты алудың әртүрлі схемалары қарастырылады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардын жұмыспен қамтуға бағытталған заңнаманың түпкілікті мақсаты орындалмай отыр. Мақалада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына, яғни қызметі мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ұйымдарға артықшылықтар беру қажеттігі де көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Турсынова, Б., & Махмадинов, Д. (2023). Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдардын мемлекеттік сатып алуға қатысуының жекелеген мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 145(4), 49–58. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-49-58

Журналдың саны

Бөлім

Статьи