Процеске қатысушылардың сот ісін жүргізу тілін меңгеру деңгейін анықтаудың процестік мәселелері


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 110

Авторлар

  • Р.А. Адильмуратова Қазақстан-Американдық еркін университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-110-118

Кілт сөздер:

қылмыстық процесс, сот процесінің қатысушылары, сот ісін жүргізу тілі қағидаты, өлшемшарттар, сот аудармашысы, құқықтық тілді меңгеру дәрежесі

Аңдатпа

Сот процесіне қатысушылардың сот ісі тілін меңгеру деңгейін анықтау мәселелері заң жүйесінің әділдігі мен тиімділігінің маңызды аспектісі болып табылады. Сот ісін жүргізу тілін түсінбеу процеске қатысушының құқықтарының бұзылуына әкеледі. Сот процесіне қатысушы тұлғаның тілді еркін меңгеруі заң терминологиясын толық түсінуге кепілдік бермейді. Осы зерттеу жұмысы қылмыстық процесте сот ісін жүргізу тілі қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты қылмыстық сот процесін жүргізу барысында аудармашының қатысуын реттейтін заңнамаларды, ғылыми материалдарды зерделеу және қылмыстық сот процесіне қатысушылардың сот ісін жүргізу тілін меңгеру дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін өлшемшарттарды анықтау болып табылады. Құқық қолдану практикасы мен ғылыми зерттеулерді талдау деректері негізінде қылмыстық сот ісін жүргізу тілін меңгеру дәрежесін анықтау және белгілеу кезінде құқық қолдану практикасының мәселелері зерттеледі.  Қазақстан Республикасының сот актілерін зерделей келе, сотқа дейінгі және сотта процестік құжаттарды әзірлеуде сот ісін жүргізу тілін білмеу не толық меңгермеуді анықтаудың бірқатар өлшемшарттары айқындалып, қылмыстық процесті жүргізетін тұлғаларға осы өлшемшарттарды анықтаудың әдістері ұсынылады. Құқықтық лексиканы қолдану, құқықтық нормалар мен заңды құжаттарды дұрыс түсіну, ресми стильді қолдану және басқа да мәселелер қарастырылады. Сонымен бірге, сот ісін жүргізу тілін меңгеруді бағалау кезінде осы өлшемшарттарды ескеру қажеттілігі және қатысушылардың сот процестерін дұрыс түсінуі мен тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін білікті аудармашыларды тартудың маңыздылығы көрсетіледі. Осы мәселелерді талдау қатысушылардың тілдік құзыреттілігі контексінде сот процестерінің әділ, заңды, қылмыстық істің объективті түрде қаралуын қамтамасыз етуде өте маңызды болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Адильмуратова, Р. (2023). Процеске қатысушылардың сот ісін жүргізу тілін меңгеру деңгейін анықтаудың процестік мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 145(4), 110–118. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-110-118

Журналдың саны

Бөлім

Статьи