Қазақстан Республикасындағы платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеудің мәселелері
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 65
Кілт сөздер:
платформалық жұмыскерлер, цифрлық платформалар, әлеуметтік қорғау, шетел тәжірибесіАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында платформалық жұмысты құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған. Мемлекетте платформалық жұмыспен қамтудың дамуы алғашқы кезеңде болғандықтан, платформа мен оның жұмыскерлері арасындағы байланыстың бірқатар шешімін таппаған. Халықаралық ұйымдардың актілерін, экономика және құқық саласындағы ғалымдардың еңбектерін зерттей келе, мақала авторлары мынадай қорытындыға келді: Әлеуметтік және Еңбек кодекстердің жаңа нормалары платформалық жұмыста пайда болған қарым-қатынастарды толық ескермей, Азаматтық кодекстің басымдығын алға тартады. Ал, іс жүзінде қарым-қатынастар еңбек және азаматтық қарым-қатынастар сипатында болады. Платформалық жұмыскерлердің мәртебесін еңбек құқығы аясында бекіткен шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетілген. Одан басқа мынадай қорытынды жасалған: бүгінгі күні әдеттегі еңбек қарым-қатынастарын цифрлық экономикаға бейімдеп, «жұмыскер», «жұмыс беруші», «еңбек құқықтық қарым-қатынастар» түсініктерін қайта қарау керектігі айтылған. Өйткені платформадағы жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзудың алдын алу мақсаты басымдылыққа ие.