Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 67
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, дискрециялық өкілеттілік, үш буынды модель, жасырын тергеу әрекеті, прокурор, бұлтартпау шаралары, қорғау тарабыАңдатпа
А
Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық процестік кодексіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жан-жақты талдау жасайды. Зерттеу барысында батыс Еуропа елдерінің кейбіреуіндегі қылмыстық сот өндірісіне қатысты тиімді тәжірибелерді басшылыққа алады.
Авторлар зерттеу нәтижесінде қылмыстық процестік заңнамадағы қылмыстық қудалау органдарына берілген дискрециялық өкілеттіліктердің шамадан тыс болуына орай қайта қарауды, «тергеу әрекеттері» ұғымы белгілерінің сәйкес келмеуі, тергеуші тарапынан қадағалау мүмкіндігінің шектелгендігіне және соған сәйкес жедел іздестіру уәкілдері тарапынан фальсификация жасалу қаупінің алдын алу мақсатында жасырын тергеу әрекеттері институтын, прокурордың жауапкершілігін арттыру үшін және өндірісте сирек кездесетін жағдай болуына орай, сондай-ақ Бельгия мемлекетінің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қылмыстық іс бойынша айыптаудан бас тарту, прокурордың сотталушы тарапынан жасалды делінген қылмыстық іс әрекетті қайта саралау юрисдикцияларын, бұлтартпау шаралары қатарынан үйқамақ және кепіл түрлерін алып тастауды, қорғау тарабының іс материалдарымен іске тігілген уақытында танысу құқығы, жариялылық, заңдылық, жарыспалылық қағидаларын шынайы түрде сақталу жүйесін жетілдіруді ұсынады.
Жалпы алғанда авторлар қазіргі ұсынылып және енгізу жұмыстары жүріп жатқан қылмыстық сот өндірісінің үш буынды моделін, ондағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмас үшін толыққанды зерттеуді ұсынады.