Гидротехникалық құрылыстарды нормативтік-құқықтық реттеу және олардың Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігіне әсері
Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 80
Кілт сөздер:
ГТҚ, Су кодексі,, көп факторлы зерттеу, ұлттық жоба, қауіпсіздік декларациясы, емлекеттік басқаруАңдатпа
Мақалада гидротехникалық құрылыстарды (бұдан әрі - ГТҚ) нормативтік-құқықтық реттеу және бақылау мәселелері, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі қарастырылады. Мақсаты - ГТҚ-ны қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуді құқықтық реттеу мәселелерін анықтау, қолданыстағы заңнаманы және мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- ГТҚ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны айқындау;
- су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру өкілеттілігі, оның ішінде ГТҚ меншік иелерінің қызметін реттеу және бақылауға жауапты мемлекеттік ұйымдарды айқындау;
- ГТҚ-ны қауіпсіз пайдалануға кедергі келтіретін ұлттық құқық нормаларындағы қайшылықтарды және ГТҚ саласындағы мемлекеттік басқару проблемаларын анықтау.
ГТҚ - бұл ел экономикасы мен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін бір уақытта бірнеше міндеттерді орындайтын күрделі механизм.
Демек, ГТҚ жүйесі нақты заңнамалық реттеуді ғана емес, сонымен бірге тиімді мемлекеттік басқаруды да қажет етеді.
Жыл сайын мемлекет ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кеңес заманында салынған материалдық тозығы жеткен су шаруашылығы құрылыстары болып табылатын ГТҚ жүйесін реформалауға бағытталған миллиардтаған бюджет қаражатын жұмсайды.
Қазір Қазақстанда 1700-ге жуық ГТҚ бар, олар елдің энергетика және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың орнына ел бюджетіне салмақ салып отыр.
ГТҚ меншік иелерінің қызметіне тиісті мемлекеттік бақылаудың, нақты заңнамалық регламенттің болмауы аймақтың экожүйесіне, сондай-ақ жалпы гидроэнергетика мен ирригацияға теріс әсер етуі мүмкін төтенше жағдайлардың туындау қаупін тудырады.
Зерттеу нәтижелері заңнамалық сипаттағы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді анықтауға және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.