Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын реттеудің кейбір құқықтық мәселелері
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 103
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-152-165Кілт сөздер:
Аңшылық шаруашылық, қолайлы қоршаған орта, қызыл кітап, ұлттық заңнама, орнықты даму, аң аулауАңдатпа
Ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығының жай-күйін зерттеу арқылы оларды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру. Авторлардың мақаладағы негізгі ұстанымы аңшылық шаруашылық экономиканың бір саласы ретінде де дамып отыруы тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлар дүниесі және табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін тірі ағзалардың жиынтығы – қорғалуға жататын тиабиғи ортанын ажырамас элементі деп есептелінеді. Аңшлылық – адамзаттың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан және бастапқыда адамның өмір сүру көзі болған ең көне кәсіптерінің бірі болып табылады. Мақалада, Қазақстан Республикасы аңшылық шаруашылығын жүргізу заңнамасына талдау жасау арқылы, орын алып отырған кемшіліктер анықталып оларды жоюдың тетіктері ұсынылды. Зерттеліп отырған тақырып өзекті және заманауи талаптарға сай келетін мәселе болып табылады. Себебі, табиғатта биологиялық әралуандылықтың сақталуын мәселесінің артып келе жатқанымен байланыстыруға болады. Жануарлар дүниесін қорғауға қатыстық отандық заңнамада жаңаша өзгертулер болуына қарамастан, жануарларды қорғаудың кешенді тетігі әлі де даму үстінде. Аңшылық шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру жануарлар дүниесін қорғаудың қосымша құралы ретінде қолдануы тиіс. Авторлар ұсынылып отырған зерттеу жұмысын жалпыдан жекеге өту қағидасы бойынша жүргізді. Авторлар аңшылық шаруашылығының даму ерекшеліктері мен сипатына зерттеу жүргізе отырып, отандық аңшылық шаруашылығының ұлттық нұсқасын енгізу қажет екенін дәлелдеп өтті. Мақалада отандық аңшылық шаруашылық институтының қалыптасуы ерекшеліктеріне қысаша шолу жасалынды. Шет мемлекеттердің дамыған аңшылық тәжірибелерін ескере отырып ұлттық тәжірибені жетілдіру жолдары ұсынылды.