Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық сипаты: салыстырмалы құқықтық талдау


Қаралымдар: 171 / PDF жүктеулері: 75

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-25-40

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, конституциялық іс жүргізу, конституциялық бақылау, өтініш, норма тивтік қаулы, нормативтік-доктриналық сипаты, құқықтың қайнар көзі, құқық қолдану актісі

Аңдатпа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық табиғатын айқындау ұлттық құқық жүйесінің шекараларын белгілеудің маңызды аспектісі болып табылады. Зерттеудің өзектілігі 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты арта түседі, бұл конституциялық бақылау институтының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот шешімдерінің құқықтық мәнін қайта пайымдауды талап етеді.

Мақалада Қазақстан жағдайында Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының құқықтық табиғаты, олардың ықпал ету рөлі мен құқықтық салдары салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында Конституциялық Сот шешімдерінің міндеттілік сипаты, олардың орындалу тетіктері, сондай-ақ заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына әсері кешенді түрде талданады. Сонымен қатар, аталған шешімдердің құқықтық реттеу жүйесіндегі орны мен маңызы айқындалады.

Шет мемлекеттердің конституциялық соттарының тәжірибесімен салыстыру арқылы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталып, мұндай актілердің құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына ықпалы бағаланады. Зерттеу нәтижесінде Конституциялық Сот шешімдерінің құқықтың қайнар көзі және құқық қолдану актісі ретіндегі екіұдай құқықтық табиғаты негізделеді, сондай-ақ олардың құқықтық реттеудегі рөлі мен маңызы ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Джунусова, М. ., Калыбаева, А. ., & Шауали, М. . (2026). Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының құқықтық сипаты: салыстырмалы құқықтық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 25–40. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-25-40

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық