Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды нормативтік реттеуді жетілдіру мәселелері туралы
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-148-158Кілт сөздер:
жаңартылатын энергетика, корпоративтік PPA, заңнама, Қазақстан, құқықтық реттеу, энергетикалық ауысу, «жасыл» сертификаттарАңдатпа
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мәселелеріне арналады, әсіресе Корпоративтік электр энергиясын сатып алу келісімдеріне (Corporate PPAs) басымдық береді. Тақырыптың өзектілігі 2030 жылға қарай «жасыл» энергия үлесін 15%-ға дейін арттыруға және көміртексіз экономикаға көшуге ұмтылуына байланысты, бұл икемді, нарыққа бағытталған тетіктерді талап етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – тәуелсіз сатып алу келісімдердің жасалуына кедергі келтіретін негізгі құқықтық тосқауылдарды анықтап, Германия мен Қытай тәжірибелері негізінде заңнамалық ұсыныстар ұсыну.
Зерттеу барысында Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласының құқықтық реттелуі қарастырылды, басты назар жаңартылатын энергия өндірушілері мен корпоративтік тұтынушылар арасындағы тікелей екіжақты келісімдерге аударылды. Әдіснамалық негізге қолданыстағы заңнаманы доктриналық (нормативтік) талдау және әлемдік сатып алу келісімдер тәжірибесіне салыстырмалы-құқықтық талдау алынды. Алынған нәтижелер бірқатар шектеулерді айқындап отыр: әлеуетті қатысушылардың шектелуі, үлгілік келісімшарттардың болмауы, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды корпоративтік сатып алу міндеттемелерімен жартылай ұштастыру тетіктерінің жоқтығы. Сонымен қатар «жасыл» сертификаттардың ұлттық жүйесін енгізу, үлгілік келісімшарттарды әзірлеу, баға шектеулерін қайта қарау және аффилиирленбеген компаниялар үшін тікелей келісімшарттар мүмкіндігін кеңейту қажеттілігі атап өтіледі. Осы қорытындыларға сүйене отырып, жеке капиталды тартуға, энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергия үлесін көбейтуге және Қазақстандағы декарбонизацияны ілгерілетуге ықпал ететін мақсатты құқықтық және институционалдық шаралар ұсынылады. Бұл реформалар жеке сектордың белсенді қатысуын күшейтіп, орнықты энергетикаға көшуді жеделдетеді деп күтіледі.