Қазақстан Республикасының заңнамасына норма шығару қағидаттарын енгізудің болашағы туралы
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 167
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-138-1-8-18Аңдатпа
Ағымдағы құқықтық реформалар шеңберінде норма шығару жүйесін ретке келтіру және нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу ерекше маңызға ие болады. Нормативтік құқықтық актілердің сапалы жобаларын әзірлеу, ескірген нормаларды түзету не жою, норма түзушіліктің шетелдік тәжірибесін пайдалану қажеттігі өзекті мәселе болып қала береді. Қалыптасқан ғылыми теориялар мен идеяларды ескерусіз ұлттық норма шығару жүйесін дамыту мүмкін емес. Көбінесе, құқық нормаларын әзірлеу кезінде заң шығару принциптері декларацияланады, бірақ нормативтік құқықтық актінің ережелерін олардың мазмұнымен толтырмайды. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші органдардың іргелі ғылыми зерттеулерге, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулерге жүгінуінің жекелеген жағдайлары бар. Нәтижесінде әзірленген нормативтік құқықтық актілердің сапасы төмендейді, оларда қайшылықтар мен олқылықтар жиі кездеседі. Мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасында норма шығару қағидаттарын нормативтік бекіту мәселесіне ерекше назар аударылады. Зерттеу посткеңестік елдердің тәжірибесін зерттеуге негізделген. Нормашығармашылықтың кең тараған қағидаттары қарастырылады және талданады. Мақалада норма шығару қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеудің отандық практикасына норма шығару қағидаттарын енгізу қажеттілігін дәлелдеу арқылы жетілдіру жөніндегі шаралар ұсынылды. Бұл ретте норма шығару қағидаттарын заңнамалық акт – «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы деңгейінде бекіту қажеттігіне баса назар аударылады. Мұндай тәсіл норма түзушілік процесінің барлық субъектілерін нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу кезеңінде норма түзушілік қағидаттарын пайдалануды міндеттеуге мүмкіндік береді.