Сот-психологиялық сараптамасының теориялық және құқықтық мәселелері


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 15

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-149-4-84-96

Кілт сөздер:

Сот сараптамасы, сот-психологиялық сараптама, сарапшы, психологиялық білім, тергеу органдары

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы сот-психологиялық сараптамасының теориялық және құқықтық сұрақтары мен заңнамалық тұрғыдан реттелу мәселелеріне арналған. Сот-психологиялық сараптама психологтарды заң практикасына тартудың негізгі нысаны болып табылады. Оларға тергеу органдарының өкілдері тарапынан жүгінудің объективті де, субъективті де себептері бар. Біріншіден, сот-психологиялық сараптаманың мәліметтері дәлелдемелердің қайнар көздерінің бірі болып табылады және шындықты анықтауға қызмет етеді. Екінші жағынан, сараптама деректерінің болуы тергеушіге қателіктің ықтималдығын азайтуға мүмкіндік жасап, мәселені шешуге сенімділік береді.

Мақаланың мақсаты қылмыстық сот ісін жүргізуде сот-психологиялық сараптама жүргізудің кейбір теориялық, құқықтық, ұйымдастырушылық мәселелерін талдау және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық сот процесін жүргізуді жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеуде негізге алу. Мақала барысында сот-психологиялық сараптаманың түсінігі, мәні, пәні мен объектілері қарастырылып және сот-психологиялық сараптаманы қылмыстық сот ісін жүргізуде тағайындаудың құқықтық мәселелері тұжырымдалды.

ҚР Қылмыстық сот ісін жүргізуде сот-психологиялық сараптаманың әдіснамалық қасиеттері мен сипаттамаларын айқындау саласында елеулі келіспеушіліктер бар. Қылмыстық құқық теориясында әзірленген құқықтық-техникалық және психологиялық-техникалық талаптар қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды нақты практикалық іске асырмай пайда келтіре алмайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Избасова, А., Маликова, Ш., & Кан, А. (2024). Сот-психологиялық сараптамасының теориялық және құқықтық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 149(4), 84–96. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-149-4-84-96

Журналдың саны

Бөлім

Статьи