Құрсақ аналық мәмілесі: құқықтық реттеу мәселелері


Қаралымдар: 183 / PDF жүктеулері: 146

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-90-108

Кілт сөздер:

құрсақ аналық, алеаторлық мәміле, тәуекел мәмілесі, эмбрионды көтеру қызметтері, әйел бедеулігі, неке-отбасы қатынастары, репродуктивті медицина, адамның қосалқы көбеюі, тапсырыс берушілер, орындаушы

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты құрсақ аналық келісім-шарт тараптары арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қазақстандық заңнама мен құқық қолдану практикасында кездесетін мәселелерді анықтау және шешу. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін заң шығарушылар денсаулық сақтау жүйесі мәселелеріне қатысты заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу, мамандар құрсақ аналық келісім-шарттарды әзірлеу, теоретиктер медициналық және репродуктивтік құқық бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындау, сондай-ақ азаматтар құрсақ ананы қолдана отырып, денсаулықты қорғауға конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында ескере алатындығында. Зерттеу нәтижесінде құрсақ ананы қолданудағы қиындықтар, біріншіден, оның мемлекеттік құқықтық реттеу аясынан тыс қалуымен байланысты екені анықталды. Екіншіден, Қазақстан заңнамасында кездесетін құқықтық қайшылықтар, олқылықтар мен басқа да ақаулар азаматтардың конституциялық құқығын – репродуктивтік денсаулықты қорғау, ана мен әке болу құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіретіні анықталды. Сонымен қатар, бұл қиындықтар құрсақ аналық үрдісіне қатысатын тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттеуде де өзінің кері әсерін тигізеді. Үшіншіден, адам ағзасынан тыс аталық және аналық жыныс жасушалардың ұрықтандыру, адам эмбрионын гестациялық тасымалдаушыға – өзіне генетикалық тұрғыдан жат жүктілікті көтеру және балаларды туу қызметін көрсететін үшінші тұлғаға тасымалдау және қоныстандыру рәсімінің белгісіздігі немесе оны дұрыс түсінбеу анықталды. Сондай-ақ құрсақ аналық мәмілелердің құқықтық табиғаты мен маңызды шарттары, соның ішінде негізгі пәні мен объектісі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауаптылық шегі мен шаралары туралы да өзекті мәселелерді қамтиды. Алынған нәтижелердің сенімділігі зерттеудің таңдалған әдіснамалық негізімен қамтамасыз етіледі, ол жалпы ғылыми теориялық және арнайы жекелеген тәжірибелік таным әдістерінің жиынтығын қамтиды.

Автор өмірбаяны

Э.Б. Аблаева, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

   

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тойлыбекова E. ., Воронин M. ., & Аблаева E. (2025). Құрсақ аналық мәмілесі: құқықтық реттеу мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 90–108. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-90-108

Журналдың саны

Бөлім

Статьи