Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық және қаржылық негіздері: қазіргі жай-күйі, проблемалары және ұсынымдар


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-28-41

Кілт сөздер:

жергілікті өзін-өзі басқару, қаржылық негіздер, жергілікті бюджет, қаржылық дербестік, мәслихат, құқықтық реттеу, қоғамдық қор

Аңдатпа

Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың (ЖӨБ) тиімді қаржы жүйесін қалыптастыру мәселелері. Қазақстанда ЖӨБ органдарының қаржылық проблемаларын жүйелі түрде қарастыратын зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында мәслихаттардың жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару институттары ретіндегі «гибридтік табиғатын» атап өтіп, олардың өкілеттіктерін нақты айқындау қажеттігін көрсетті. Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнаманың жүйесі, ЖӨБ органдарының қаржылық қамтамасыз етілуі және олардың ұйымдық-құқықтық негіздері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық қамтамасыз етілуі оның тиімді қызметінің маңызды шарты екенін, алайда ол заңмен нақты айқындалған құзырет пен жауапкершілікті алмастыра алмайтынын көрсетеді. Ауылдық және қалалық елді мекендер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық нысандарын, олардың құзыретін, қалыптастыру тәртібін, есептілігін және қаржылық қамтамасыз етілуін одан әрі заңнамалық тұрғыдан дамыту ұсынылады. Сонымен қатар жергілікті қоғамдастық бастамаларын қосымша қаржылық қолдау тетігі ретінде коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық қорларды пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сабитов, К. ., Алибаева, Г. ., & Ракимбаев, Э. . (2026). Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық және қаржылық негіздері: қазіргі жай-күйі, проблемалары және ұсынымдар. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 156(3), 28–41. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-156-3-28-41

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық құқық