Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-224-240

Кілт сөздер:

кәмелетке толмағандар, киберқылмыс, ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік, цифрлық мәдениет, ақпараттық қауіпсіздік

Аңдатпа

Мақалада қоғамдағы цифрландыру үдерісінің қарқынды дамуы жағдайында кәмелетке толмағандардың ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілігінің өзекті мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандарды заңдық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін кешенді талдау, сондай-ақ жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік сипаттарын ескере отырып, заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін жалпығылыми және арнаулы құқықтық таным әдістері құрайды, олардың қатарында талдау және синтез, индукция мен дедукция, формальды-құқықтық және салыстырмалы-құқықтық әдістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің құқық қолдану тәжірибесі мен статистикалық деректерін талдау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері кәмелетке толмағандардың цифрлық ортадағы құқықбұзушылықтарға тартылуы технологиялық факторлардың, құқықтық және цифрлық мәдениеттің жеткіліксіз деңгейінің, сондай-ақ құқықтық сананың толық қалыптаспауы мен психологиялық жетілмеуінің жиынтығымен айқындалатынын көрсетеді. Зерттеудің ғылыми құндылығы кәмелетке толмағандардың киберқұқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелеріне қатысты көзқарастарды жүйелеуде және құқықтық, криминологиялық әрі әлеуметтік-педагогикалық аспектілерді біріктіретін пәнаралық тәсілді дамытуда көрініс табады. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оларды киберқұқықбұзушылықтардың алдын алу бағдарламаларын әзірлеуде, жасөспірімдердің құқықтық және цифрлық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру курстарын енгізуде, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруде пайдалануға болатынында.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қалбият H. ., Амиров N., & Адилгазы S. . (2026). Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 155(2), 224–240. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-155-2-224-240

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық. Қылмыстық процесс