Қазақстан Республикасындағы медиацияның дамуының кейбір мәселелері: салыстырмалы құқықтық талдау
Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 104
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-116-129Кілт сөздер:
медиатор, медиация институты, дауларды шешудің балама әдістері, медиация рәсімі, даулар, еріктілік, құпиялылықАңдатпа
Медиация – бейтарап, дауды шешуде тараптардың мүддесін көздемейтін, тараптарға дау бойынша белгілі-бір келісімге келуге көмектесетін үшінші тұлғаның – медиатордың қатысуымен болатын және тараптар дауларды реттеу бойынша шешімнің қабылдану үдерістері мен оның шешілу талаптарын толықтай бақылай алатын дауды шешудің балама әдісі (ағылш. alternative dispute resolution, ADR) болып табылады.
Мақалада дауды шешудің балама әдісі ретінде Қазақстандағы медиация институтының даму мәселелері қарастырылады. Медиация институтының тиісті деңгейде дамымау себептеріне байланысты ғалым заңгерлердің пікірлері талданып, дауды шешудің балама әдісін енгізу мен дамыту бойынша Қытай, Германия, Грузия, Сингапур тәжірибесін салыстыра отырып Қазақстандағы медиацияның дамуына кедергі келтіретін факторлар анықталады. Аталған жайттарды саралау үшін медиация институтын зерттеп жүрген ғалымдардың ғылыми еңбектері мен бірқатар шет мемлекеттерінің медиация туралы заңдары мен ғылыми еңбектеріне шолу жасалып, салыстырмалы талдау жасалды. Мақаланың әдіснамалық негізін талдау, синтез, салыстырмалы-құқықтық, логикалық-құқықтық, тарихи, статистикалық әдістері құрайды.