Шетелдік тұлғалардың қатысуымен қаралатын азаматтық істерде сот ісін жүргізу тілі мен аударманың процессуалдық маңызы


Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-114-134

Кілт сөздер:

сот ісін жүргізу тілі, сот аудармасы, шетелдік тұлғалар, процестік кепілдіктер, сот төрелігіне қол жеткізу, тараптардың теңдігі, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізуі

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізуіндегі шетелдік тұлғалардың тілдік құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жеке-құқықтық даулардың интернационалдануы жағдайында сот ісін жүргізу тілін және аударма институтын сот арқылы қорғалу құқығының іргелі құрылымдық кепілдіктері ретінде тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу. Зерттеудің объектісі ретінде шетелдік тұлғалардың қатысуымен туындайтын азаматтық процестік қатынастар айқындалса, ал пәні – сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асырудың және сапалы аударманы қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері болып табылады.

Зерттеу барысында мынадай маңызды нәтижелер алынған: сот ісін жүргізу тілі құқықтық айқындық пен тараптардың теңдігін қамтамасыз ететін процестік нысанның автономды элементі ретінде негізделеді. Қазақстанда мемлекеттік және ресми тілдерді қолданудағы өңірлік асимметрия, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында аударма сапасының өлшемдеріне қатысты нормативтік олқылықтардың болуы шетелдік азаматтардың құқықтарын іске асыруда формализм тәуекелдерін туындататыны айқындалды. Авторлар сапасыз аударманы жарыспалылық тепе-теңдігін және «қару теңдігі» қағидатын бұзатын елеулі процестік құқық бұзушылық ретінде саралау қажеттігін дәлелдейді.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы аударманы техникалық қызмет ретінде қабылдаудан оны сот шешімдерінің заңдылығына тікелей ықпал ететін заңдық мәні бар процестік акт ретінде түсінуге көшуімен айқындалады. Практикалық құндылығы сот аудармасын кәсібилендіруге бағытталған шараларды ұсынудан, оның ішінде сертификатталған мамандардың ұлттық тізілімдерін қалыптастыруды және сот төрелігін цифрландыру жағдайында тілдік көмектің сапасын бағалау стандарттарын әзірлеуді қамтиды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мүйденова , А., Исаева , А., & Жұмаділова , М. . (2026). Шетелдік тұлғалардың қатысуымен қаралатын азаматтық істерде сот ісін жүргізу тілі мен аударманың процессуалдық маңызы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 154(1), 114–134. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2026-154-1-114-134

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық құқық. Азаматтық процесс