Еңбек заңнамаларын экологияландыру: қазіргі жағдайы және келешегі


Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 259

Авторлар

  • Е.Н. Нургалиева

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-105-113

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның еңбек заңнамасының бүгінгі күнгі жағдайы және келешекте дамуы қарастырылған. Қазақстанда күшінде тұрған Тұжырымдамаларды сараптау: «жасыл» экономикаға көшу, тұрақты дамуға; халықтың қаражаттарын 2025 жылға дейін көтеру, еңбектің қауіпсіздігіне көшу және т.б. барысында автор мынадай қорытындыға келді: көрсетілген тұжырымдамаларда заңдар салаларында, экологиялық заңдардан басқа, оларды экологиялау туралы; еңбек құқығы субъектілерінің экологиялық білімдері туралы ешқандай мәселелер қарастырылмаған. Лайықты жұмыс көрсеткіштерінің
негізгі объективтік өлшемдеріне, еңбекті зерттейтін ғалымдардың әзірлеген, сүйене отырып, автор еңбек заңдарын экологияландырудың негізіне осыларды алу керек екендігін айтқан. Бұдан басқа, осы жаһандық мәселелерді-жасыл экономиканы құруды шешуге арналған кешенді тәсілдердің жоқ екендігінің себептері айтылған.
Еңбек заңдарын экологиялауды жасауды күшінде тұрған еңбек заңнамаларын сараптаудан, яғни олардың мақсатын, алдына қойған міндеттерін, қағидаларын, және қоршаған ортаны қорғау, еңбек үрдісінде экологиялық қауіпсіздікті сақтауға арналған ережелерін қайта қараудан бастау керектігі сөзге тиек етілген. «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» атты тараудан бастап, яғни «еңбекті қорғау түсінігін, экологиялық шараларды енгізе отырып; еңбектік қарым-қатынастар жақтарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін қайта қарай отырып жасау керектігіне баса назар аударылған.
Экологиялық жағдайдың біздің елде нашарлауы себептерінің бірі болып тұрғындардың экологиялық білімдерінің төмендігі екенін ескере отырып, оның ішінде табиғатты пайдалану сипаты бар кәсіпорындардағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер де бар, заңды түрде осы жақтардың міндеттері ретінде тек қана қоршаған ортаны қалай қорғау керектігін оқытып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікті сақтау керектігі аса маңызды екендігі негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нургалиева, Е. . (2022). Еңбек заңнамаларын экологияландыру: қазіргі жағдайы және келешегі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 141(4), 105–113. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-105-113

Журналдың саны

Бөлім

Статьи