Жасанды интеллекттің еңбек қатынастарына әсері
Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 230
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2022-141-4-114-122Аңдатпа
Мақалада техникалық эволюцияның еңбек қатынастарының дамуы мен болашағына әсер ету мәселелері қаралады. Авторлардың мақсаты еңбек саласындағы жасанды интеллект қызметінің нәтижелерін таратудың ерекшеліктері мен тән қасиеттерін анықтау болып табылады. Цифрлық экономика, цифрландыру еңбек саласындағы құқықтық қатынастардың әдеттегі түсінігін өзгертіп, еңбек қатынастарына азаматтық-құқықтық қатынастарға жақындатылған материалдық емес сипат берді. Өндірістегі жасанды интеллект рөлінің артуы Қазақстанға тап болатын бірқатар проблемаларға алып келеді. Ең өзекті және кең таралған проблемалардың біріне жұмыссыздық, дербес деректерді қорғау мәселелері жатады.