Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы: еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру
Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 149
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-142-1-20-34Кілт сөздер:
ҚР Конституциясы, құқық қорғау органдары, арнаулы атақтан айыру, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлеу құқығын тоқтату, сот ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабын қолданған кезде дискреция, зейнетақымен қамсыздандыру, зейнетақыдан айыру, зейнетақы құқықтық қатынастары субъектілерінің кепілдіктеріАңдатпа
Сарапшылар ретінде конституциялық іс жүргізуге қатысқан авторлар оқырмандардың назарына ҚР Конституциялық сотына азамат Б. К. Байжумановтың өтінішін қараудың алдын ала кезеңін ұсынды. Мақалада заңнаманың тиісті халықаралық және ұлттық нормативтік құқықтық көздерін талдауға, арнайы әдебиеттерді зерделеуге және қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу,
еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру, құқық қорғау қызметі және зейнетақы құқықтық қатынастары саласындағы заңнаманың тиісті нормаларын доктриналық түсіндіруге негізделген олар дайындаған ғылыми құқықтық қорытындылардың негізгі ережелері баяндалған.