Рейдерлікке карсы азаматтық-құқықтық шара қолданудың кейбір мәселелері
raiding
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 37
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2019-129-4-76-84Кілт сөздер:
рейдерлік, «қара» рейдерлік, «ақ» рейдерлік, бағалы қағаздар, рейдерлік шабуыл, ұйым-мақсат, рейдер-компанияАңдатпа
Рейдерлік Экономикалық құбылыс бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына
байланысты туындады. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуының алғашқы кезеңдерінде қылмыстық тәсілдермен, көп жағдайларда күш қолданып,кәсіпорындарды, тұтастай бизнесті тар- тып алып отырған «қара» рейдерлердің қызметінің белсенділігі артты.
Қазіргі кезде «қара»рейдерлікпен қатар, азаматтық заңнаманың нормаларын басшылыққа
алып, кәсіпорындар мен бизнесті иемденіп алуға ұмтылатын «ақ» рейдерлік те бар.
Қазақстан Республикасында рейдерлік құқыққа қайшы әрекет ретінде еліміз шаруашылық
жүргізудің социалистік жүйесінен нарықтық экономикаға өту жағдайында пайда болды. Рейдерліктің жағымсыз ықпалына, ең алдымен, ірі бизнеске қарағанда рейдерлік әрекеттерге қарсы экономикалық, қаржылық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктері төмен орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері ұшырайды.
Рейдерліктің заң анықтамасы азаматтық заңнамада жоқ, бірақ бұл құбылысқа қарсы құқықтық әрекет ету оның көптеген нормаларында көрініс тапқан. Тәжірибеде көп жағдайда рейдерлікке тап болуға бейім компаниялар ретінде әрекет етуші заңнаманы бұзып, сол арқылы рейдерлік шабуылдарға тиімді жағдай тудыратын ұйымдар аталады.
Рейдерлік қарсы әрекет етудің тиімділігін арттыру мақсатында банктік қызмет, жылжымайтын мүлік ипотекасы, оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет.