Қылмыстық процесте медиация институтын қолданудың кейбір сұрақтары
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 243
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-142-1-138-149Кілт сөздер:
медиация институты, медиатор, медиативтік келісім, қылмыстық сот өндірісі, келісім рәсімдері, қатысушы тараптар, жанжалАңдатпа
Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасын жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымдамасын және басқа да аса маңызды стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды ескере отырып, Қазақстанның сотқа дейінгі қылмыстық сот ісін жүргізудегі жанжалды жағдайларды және әртүрлі дауларды шешу процесіне ерекше назар аударады. Осыған байланысты, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғайтын тараптар арасында бастапқы кезеңде туындаған дауларды шешудің кез келген әрекеттері қызығушылық келтіреді және бұл жағдайда медиация институтын қолданудың іс жүргізу қажеттілігі туындайды. Бұл институтты енгізу процесінің өзі даулы жағдайлар мен дауларды сот процесіне жеткізбестен шешу, сондай-ақ тұтастай алғанда сот жүйесіндегі жүктемені ішінара азайту мақсатында ұлттық заңнамаға белгілі бір күш-жігер мен кезең-кезеңімен қабылдауды талап етті. Осы бағытта қолданыстағы ұлттық заңнаманы қылмыстық және қылмыстық процестік кодексінің және "Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері деңгейінде талдау орын алады.
Қолданыстағы нормативтік дереккөздерді, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, статистикалық-құқықтық тәсілдерді жан-жақты талдау мен жалпылауға сүйене отырып, мақала мазмұнында медиация институтын қолданудың қылмыстық процестік тетіктерін жетілдіру бөлігіндегі авторлардың ұстанымы көрініс тапты. Аталған ұсыныстар, авторлардың пікірінше, Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация институтын дамытудың нақты процестік тетіктерін әзірлеумен байланысты.