Қазақстан Республикасында Халықаралық әлеуметтік міндеттеменің жүзеге асуының құқықтық мәселелері
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 58
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2021-137-4-84-97Кілт сөздер:
халықаралық шарттар, ратификация, денонсация, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік сақтандыру, еңбекші мигранттар, еңбекке қабілетсіз азаматтар, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының ратификациядан өткізілген халықаралық келісімдерінде әлеуметтік-еңбек саласында айқындалған кейбір халықаралық мідеттемелері бойынша ғылыми-тәжірибелік мәселелер талдауға алынды. Мұндай халықаралық құжаттар, олардың басым көпшілігі ТМД және ЕАЭО шеңберінде бекітілді. Негізгі құқықтық талдауға алынған мәселелер - халықаралық шарттардың мәтіндерінде орын берген олқылықтар, сәйкессіздіктер, қайшылықтар. Сол себепті аталмыш құжаттардың іске асырылуларында кедергі болатын құқықтық мәселелер осы мақалада талдауға алынды, аталмыш құжаттардың басқа заңдардан үстемдігі, маңызы зерттелді. Халықаралық міндеттемелерді орындамау, еліміздің Конституциясы және халықаралық стандарттар бойынша, заң бұзушылық болып саналады, оған жол берілмеуге тиіс. Дегенмен мұндай жағдайлардың халықты зейнетақымен қамтамасыз ету, оны тағайындау, арнаулы жәрдем ақылармен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік сақтандыру, еңбекті қолдану, халықты жұмыспен қамту мәселелер бойынша орын бергендіктері белгілі, сол себепті осы мәселелерге ерекше назар аударылды. Мәселелердің халықаралық деңгейде реттелуінде бар проблемалардың бірі болып ұлттық заңнама жүйесінде бар қайшылықтар танылады, яғни мемлекетімізге жүктелген міндеттердің әр түрлі бағыттарда қаралуы, ұлттық құқықтық жүйелердің бірі біріне сәйкес келмеулері, олардың нәтижелі ғылыми құқықтық сараптаудан өткізілмегендігі, ал кейбір жағдайларда - ұзақ мерзімдік талдамалық жұмыстардың жүргізілмейтіндігі осындай нәтижеге алып келуде. Аталған мәселелер мақалада зерттеуге алынып
олардың шешілуіне бағытталған ұсыныстар берілді, сәйкесінше Қазақстан Республикасымен қабылданған кейбір міндеттемелердің құқықтық тұрғыда дұрыс шешілуіне бағытталған сұрақтар жан-жақты зерттеуге алынды.