Қазақстан Республикасында кибербуллингтің алдын алудың кейбір сұрақтары
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 108
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-145-4-91-99Кілт сөздер:
буллинг, кибербуллинг, агрессор, буллер, зорлық-зомбылық, қудалау, интернет, әлеуметтік желілер, алдын алу, алдын алу субъектілері, ауыр зардаптарАңдатпа
Мақаланың мақсаты – қазіргі кезде кең тараған құбылыс кибербуллингтің алдын алу шараларын қалыптастыру. Мақалада буллинг ұғымы, оның ішінде кибербуллингтің мазмұны, кибербуллингтің алдыналу үшін қажетті шаралардың жүйесі, кибербуллингтің алдын алуды жүзеге асыратын субъектілер кең түрде қарастырылған. Зерттеудің әдістемелік негізін криминология, виктимология ғылымдарының ережелері құрайды. Кибербуллингтің алдын алудың өзектілігі көптеген адамдардың, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналған заманауи технологиялар мен әлеуметтік желілерді қолданудың кең қанат жаюымен байланысты. Кибербуллинг - бұл интернет және басқа цифрлық технологиялар арқылы болатын психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі.
Кибербуллинг депрессия, мазасыздық, өзін – өзі бағалаудың төмендеуі және кейбір жағдайларда суицид сияқты кибербуллингтің құрбанына айналған адам үшін ауыр зардаптарды туындатуы мүмкін. Сондықтан да, кибербуллингтің алдын алу қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Кибербуллингтің алдын алу балалар мен жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты үйретуді, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану ережелерін қалыптастыруды, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге кибербуллинг жағдайларын қалай тануға және алдын алуға үйретуді қамтуы керек.
Кибербуллингтің алдын алу үшін кибербуллинг жағдайларының алдын алу және тергеумен айналысатын, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсететін арнайы қызметтерді құру маңызды.
Мақала авторлары кибербуллингтің алдын алудың балалар мен жасөспірімдердің онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара екендігіне басты назар аударған. Ол мемлекеттік ұйымдарды, білім беру мекемелерін және ата-аналарды қоса алғанда, қоғам деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс.
Түйін сөздер: буллинг, кибербуллинг, агрессор, буллер, зорлық-зомбылық, қудалау, интернет, әлеуметтік желілер, алдын алу, алдын алу субъектілері, ауыр зардаптар және т.б.