Мигрант балалардың білім алу құқығын халықаралық құқықтық қорғау


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 76

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-78-88

Кілт сөздер:

халықаралық құқық, халықаралық көші-қон, білім алу құқығы, білім алуға қолжетімділік, мигрант балалардың білімі, мигранттардың бейімделуі және интеграциясы

Аңдатпа

Мигранттар отбасынан шыққан балаларға білім беру өзекті мәселе болып табылады, себебі халықаралық мигранттар арасында мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер саны 36 миллионға жуық және бұл көрсеткіш жылдан жылға өсуде. Олардың білімі бүкіл әлемнің болашағына маңызды ұзақ мерзімді стратегиялық басымдық және инвестиция болып табылады.

Мақалада мигранттар отбасыларынан шыққан балаларға білім беру, олардың білім алу құқықтарын халықаралық құқық контекстінде қорғау мәселелері қарастырылады, мигранттар отбасыларынан шыққан балалардың мектепке дейінгі, бастауыш және орта білімге қол жеткізуін ұйымдастыру саласында әртүрлі елдер үшін ұсыныстар, оларды оқыту, бейімдеу және қолайлы орта құру тәсілдері қарастырылады. Білімге қол жеткізу, білім беру ортасында бейімделу және тілдік кедергілерді жеңу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Интеграцияның нақты моделін таңдау әр елдің иммиграциялық тарихына байланысты. Кейбір интеграциялық модельдер көпмәдениетті қоғамның қалыптасуына ықпал етеді, ал басқалары мигранттарды толық ассимиляциялауға бағытталған. Таңдалған мигрант балалардың білім алу құқығын қорғау модельдері білім беру жүйесінде көрініс табады және оның білім беру мекемелеріндегі мигранттар отбасыларының балаларының көбеюіне байланысты қиындықтарға қалай жауап беретінін анықтайды.

Зерттеу нәтижелері білім беру саласында мигрант балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған тиімді саясатты әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Автор өмірбаяны

А.Е. Рамазан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық құқық кафедрасының 2 курс магистранты

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тлепина S., Акшалова R., & Рамазан A. (2024). Мигрант балалардың білім алу құқығын халықаралық құқықтық қорғау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 147(2), 78–88. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2024-147-2-78-88

Журналдың саны

Бөлім

Статьи