Жасанды интеллект технологияларының заманауи дамуы және Қазақстанда профайлинг және таргеттелген онлайн-жарнаманы құқықтық реттеудің мәселелері


Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 100

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-150-1-77-97

Кілт сөздер:

заң сапасы, профайлинг, таргтеттелен жарнама, дербес деректер, GDPR, анонимдік, сәйкестендіру, деректерді автоматтандырылған өңдеу, жасанды интеллект

Аңдатпа

Қазақстанда 2023 жылы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң қабылданды, оның негізгі мақсаты Интернеттегі жарнаманы реттеу болып табылады. Заң нормалары дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың жалпы нормаларымен шектеле отырып, профайлинг және таргеттелген жарнама кезінде дербес деректерді толық қорғамайды. Оның үстіне қазақстандық заңдарда профайлинг, микротаргетинг және жасанды интеллект технологияларының негізін құрайтын деректерді автоматтандырылған жинау, талдау және өңдеу нақты реттелмеген.

Мақалада профайлинг пен таргеттелген жарнаманың қазақстандық және еуропалық стандарттары салыстырылады. Профайлинг және таргеттелген жарнаманың адамның жеке өміріне, автономиясы мен бостандығына қалай қол сұғатыны және басқа да негізгі жеке құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретіні туралы Батыс ғалымдарының көзқарастары зерттеледі. Мақалада дербес деректерді қорғау туралы қазақстандық заңнамада профайлинг пен таргеттелген жарнаманың дәлме-дәл реттелмегендігі сыни тұрғыдан бағаланады.

Мәселені еуропалық заңнамамен салыстырмалы талдау қазақстандық заң шығарушылар жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығының кеңдігі мен тереңдігін, оның басқа құқықтар және бостандықтармен байланысын ескеруі керек деген түйін жасатады. Елге профайлинг және тергеттелген жарнама кезінде дербес деректерді қорғайтын, дербес деректерді қамтитын базаның меншік иелері мен операторларына нақты жауапкершілікті қамтамасыз ететін жоғары сапалы заң қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахметова S., Касымжанова A. ., & Ибраева A. (2025). Жасанды интеллект технологияларының заманауи дамуы және Қазақстанда профайлинг және таргеттелген онлайн-жарнаманы құқықтық реттеудің мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 150(1), 77–97. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-150-1-77-97

Журналдың саны

Бөлім

Статьи