Сотқа дейінгі өндірістегі дауды (жанжалды) реттеу саласында медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

  • Е.К. Даурембеков А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты https://orcid.org/0000-0001-9234-0480
  • Ю.Н. Дрокин А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
  • Р.К. Тлеухан А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-121-133

Кілт сөздер:

медиация институты, медиативтік келісім, сот жүйесі, дауды балама реттеу, жанжал, азаматтық сот өндірісі, қылмыстық сот өндірісі

Аңдатпа

Бұл мақалада сотқа дейінгі өндірістегі медиативтік рәсімдерді қолдану жолымен дауды (жанжалды) реттеудің балама тәсілдері қарастырылып, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық сот өндірісіндегі тараптар арасындағы жанжал туындаған кезінде осы институтты тәжірибеде қолданудың шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Қазіргі жағдайда сот істерінің материалдарын зерттеу судья мен сот жүйесінен жүктемесін төмендету қажеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді. Ұлыбритания, Германия және Франция ретінде мемлекеттерінде медиативтік рәсімдерді қолдану бойынша халықаралық тәжірибені ескеретін болсақ сотқа дейінгі өндірісінде медиация институтын қолдану тиімділігі бойынша сұрағы таң қалдырады. Қарастырылып жатқан мақалада медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар шетел мемлекеттердегі медиация саласындағы заңнамалық деңгейде дауларды реттелуі зерттелді. Сот өндірісіндегі медиация институтын қолданудың, халықаралық заңнаманы ұлттық заңнамамен жан-жақты салыстырмалы талдауды жүргізу негізінде Қазақстандағы заңнаманың өзі тиімсіздігі мен сот жүйесіндегі іс материалдар бойынша жүктеме көлемінің тұрақтылығы, медиативтік рәсімдерді тәжірибеде аз қолданылуы жайлы айтуға болады.

Зерттеудің негізгі мақсаты сот өндірісіндегі медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау жолымен Қазақстандағы жалжалды реттеудің балама тәсілдерді қолдану бойынша тиімді шараларды келтіру болып табылады. Осы зерттеу сотқа дейінгі өндірісіндегі медиация институтын қолданудың тиімділігін арттыруға және ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Эмпирикалық базасы ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық мәліметтері, азаматтық және қылмыстық іс материалдары қолданылды.

Бұл мақалада 28 қаңтардың 2011 жылы қабылданған №401- IV «Медиация туралы» ҚР заңы, оған қоса 20 желтоқсанда 2018 жылы қабылданған «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы» Конвенциясы және шетелдердің ішкі заңнамасы қарастырылады.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде авторлар сотқа дейінгі өндірісіндегі дауды (жанжалды) реттеу тәсілдерін түсіндіре отырып әртүрлі жолдарын ұсынып, бұл Қазақстандағы сот жүйесіндегі қылмыстық және азаматтық іс материалдарын қозғалыс көлемін азайтуға мүмкіндік беруге және медиативтік рәсімді қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Даурембеков, Е., Дрокин, Ю., & Тлеухан, Р. (2025). Сотқа дейінгі өндірістегі дауды (жанжалды) реттеу саласында медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 152(3), 121–133. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-121-133

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)