Қазақстан мен Германиядағы билік тармақтарының бөлінуі және сот билігінің тәуелсіздігі: салыстырмалы құқықтық талдау


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-23-45

Кілт сөздер:

билік тармақтарының бөлінуі, сот билігінің тәуелсіздігі, салыстырмалы құқық, конституциялық қадағалау, құқық шығармашылығы, сот реформасы, құқықтық ұстанымдар

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасындағы билік тармақтарының бөліну жүйесі мен сот билігінің тәуелсіздігіне салыстырмалы-құқықтық талдау жасалады. Зерттеудің өзектілігі – демократиялық мемлекеттегі билік тармақтарының теңгерімді өзара іс-қимылы мен сот билігінің институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қазіргі кезеңде аса маңызды болып отырғанында. Мақалада конституциялық негіздер, билік бөлінісі қағидатының теориялық-тарихи эволюциясы және оның екі елдің құқықтық жүйесінде жүзеге асырылу ерекшеліктері сараланады. Германиядағы федералдық құрылым, Конституциялық Соттың рөлі, судьяларды тағайындау мен олардың дербестігін қамтамасыз етудің нақты құқықтық механизмдері жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы сот жүйесінің дамуы, Жоғарғы Сот пен Конституциялық Соттың қызметі, сот реформалары және құқықтық ұстанымдар институтының қалыптасуы мен рөліне назар аударылады. Мақалада Германия мен Қазақстандағы соттардың құқық шығармашылығына қатысуы мен сот актілерінің құқық көзі ретінде танылу дәрежесі де салыстырылады. Зерттеу барысында авторлар Германия тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қарастырып, Қазақстанның сот тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған ұсыныстар ұсынады. Мақала нәтижелері ұлттық құқықтық жүйені жетілдіруге ғылыми және практикалық үлес қоса алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдрасулов, Е., & Ахмет, Б. (2025). Қазақстан мен Германиядағы билік тармақтарының бөлінуі және сот билігінің тәуелсіздігі: салыстырмалы құқықтық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 152(3), 23–45. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-152-3-23-45

Журналдың саны

Бөлім

Статьи