Көптілді құқықтық мәтіндерді аутентификациялау және заң терминологиясын үйлестіру: шетелдік үлгілер мен Қазақстан үшін болашағы


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 90

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-24-43

Кілт сөздер:

лингвистикалық аутентификация, қостілді заңнама, заң терминологиясын үйлестіру, қазақ тілі, орыс тілі, құқықтық лингвистика, құқықтық мәтіндерді аудару

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында екітілді заңнама жүйесінің даму жағдайында нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің лингвистикалық теңтүпнұсқалығын (аутентичность) қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие. Тілдік нұсқалар арасындағы мағыналық айырмашылықтар құқықтық айқындық пен сот жүйесіне деген сенімге кері әсер етуі мүмкін.

Зерттеудің мақсаты - шетелдік құқықтық мәтіндердің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету және заң терминологиясын үйлестіру тәжірибесін кешенді талдау, сондай-ақ олардың Қазақстан заңнамалық тәжірибесіне бейімделу мүмкіндігін анықтау. Негізгі назар Канада, Швейцария, Бельгия, ЕО және ТМД елдерінің үлгілеріне аударылды.

Тақырыптың өзектілігі - қылмыстық құқық саласында қазақ және орыс тілдерінің тең қызмет етуіне кедергі келтіретін институционалдық және тілдік кедергілерді жою қажеттігімен байланысты. Жұмыстың практикалық маңызы - халықаралық стандарттар негізінде қазақстандық заңнаманы жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарды қалыптастыру.

Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы-құқықтық талдауға, конституциялық және салалық актілерді зерделеуге, сот тәжірибесі мен ғылыми дереккөздерге негізделген.

Зерттеу нәтижесінде аутентификацияны қамтамасыз етуге ықпал ететін тиімді институционалдық механизмдер мен терминологиялық тәсілдер анықталды. Заң жобаларын қос тілде әзірлеу және лингвистикалық сараптаманы күшейту қажеттігі туралы қорытынды жасалды.

Бұл жұмыс Қазақстанның құқықтық жүйесінде заң тілінің сапасын арттыруға және құқықтық лингвистика саласын дамытуға үлес қосады. Алынған нәтижелер заң шығару мен сот тәжірибесінде тілдік сәйкессіздіктен туындайтын құқықтық қайшылықтарды болдырмау үшін қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құсайынова, А., & Омарова, А. . (2025). Көптілді құқықтық мәтіндерді аутентификациялау және заң терминологиясын үйлестіру: шетелдік үлгілер мен Қазақстан үшін болашағы. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 153(4), 24–43. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-153-4-24-43

Журналдың саны

Бөлім

Статьи