Шартты түрде соттаудың ұғымы мен құқықтық табиғаты жөнінде
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 333
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2023-144-3-80-93Кілт сөздер:
шартты түрде соттау, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы, балама жаза, пробациялық бақылау, сынақ мерзімі, шартты түрде соттаудың күшін жоюАңдатпа
Қылмыстық саясатты трансформациялау жағдайында бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды ұстауды ізгілендіру, қылмыстық, қылмыстық атқару заңнамалары салаларындағы халықаралық құқықтық актілерді имплентациялау, баламалы пенитенциярлық емес санкциялардың қолдану аясын кеңейту кеңінен өріс алуда. Сол жаңа қылмыстық заңнаманың іске асырылуымен «түрме тұрғындарының» саны азайды, ал оның негізгі үлесі шартты түрде соттауды қолдануға тиесілі. Шартты түрде соттаудың маңыздылығы сол, қылмыстылықтың азаюымен сенім мен ұйымдардың ықпалының рөлі күшейе отырып, жазалау сипаты өзгереді. Бұл өзгерістер қылмыстық қуғын-сүргінді үнемдеп қолданатын, жазаның мәжбүрлеуші ықпалын жеңілдететін құқықтық институттардың көмегімен жүзеге асатын болады.
Шартты түрде соттаудың құқықтық табиғаты мәселесі заң ғылымы теориясы аясында даулы көзқарастар тудырды. Сол бірыңғай көзқарастардың болмауы салдарынан практикада шартты түрде соттау институтын қолдану негіздерін, пробациялық бақылауда сотталғандар орындайтын шарттарды тағайындау, соттылықты жою, алып тастауды анықтауға қатысты сұрақтарды шешу кезінде қиындықтар туындауда. Оның үстіне соңғы жылдары қайталап қылмыс жасағандардың басым бөлігін шартты түрде сотталғандар құрап отыр. Ал мұның бәрі шартты түрде соттау институтын жетілдіру мәселесін өзекті етпек.
Авторлар мақалада шартты түрде соттаудың құқықтық табиғатын дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңыздылығын ескеріп, шартты түрде соттау ұғымы мен оның құқықтық табиғатын қарастырады және түрлі көзқарастарды талдайды, сондай-ақ шартты соттауды тағайындау және оның күшін жою негіздерін түсіндіреді.