Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде сот прецедентін қолданудың құқықтық мәселелері


Қаралымдар: 24 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • А.М. Нурмагамбетов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.Б. Нурмагамбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6844-2019-128-3-42-53

Кілт сөздер:

құқықтық жүйе, роман-германдық құқықтық отбасы, англосаксондық құқықтық отбасы, ағылшын құқығы, жалпы құқық, іс жүргізу құқығы, заңнама, сот прецеденті

Аңдатпа

Мақалада тарихи аспектіде ағылшын құқығының негізгі бөлігі болып табылатын сот прецедентінің құқықтық зерттелуі жүргізілген. Прецеденттік (жалпы) құқықтың, әділеттілік құқықтың және мәртебелік құқықтың арақатынасы қарастырылған.
Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихындағы бірегей құбылысы ретінде билер соты танылды, ол көптеген ғасырлар бойы сот ісін жүргізудің негізін құрады. Бұл мақала әділеттілікке, адалдыққа, бейтараптылыққа негізделген және прецеденттік сипатқа ие болған, сот ісін жүргізудегі қазақтың әдет-ғұрып құқығын қолдануда, көшпелі қоғамның сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал еткен деген қорытынды негізделеді. Алайда, Кеңес заманында би сотын ұлтшылдық идеологияның атрибуты және таптық үстемдік құралы ретінде қарастырған.
Қазақстандағы сот жүйесінің дамуындағы жаңа кезең мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізумен және еліміздің әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты негізгі нормативтік құқықтық актілерге қатысты және қолданыстағы заң болып табылатын нормативтік шешімдер қабылдайды.
АХҚО мен тиісті соттың құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне сол немесе өзге нысанда ағылшын құқығын енгізу мақсатында сот прецедентін зерттеу қажеттілігі өзектілендірілді. Авторлар сот прецедентінің жекелеген элементтері енгізілуі мүмкін болса да, ағылшын құқығы бойынша құқықтық жүйеге сот прецедентін имплементациялау мүмкін емес деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-03

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурмагамбетов, А., & Нурмагамбетова, С. (2023). Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде сот прецедентін қолданудың құқықтық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық унивеситетінің Хабаршысы. Құқық сериясы, 128(3), 42–53. https://doi.org/10.32523/2616-6844-2019-128-3-42-53

Журналдың саны

Бөлім

Статьи