Жария-құқықтық дауларды шешуде медиацияның ұйымдастырушылық және процестік мүмкіндіктері
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 30
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6844-2025-151-2-122-133Кілт сөздер:
медиация, жария - құқықтық дау, әкімшілік әділет, тәсіл, рәсім, сот, әкімшілік органАңдатпа
Қазіргі таңда әкімшілік процесс саласының алдында әкімшілік әділет институттарынжетілдіру міндеті аса маңызды. Осы мақсатта жария - құқықтық дауларды шешуде медиацияныңұйымдастырушылық және процестік мүмкіндіктерін пайдалануды ғылыми жариялауды бағыттауқажет. Осы мәселелерді теориялық пысықтау үшін шетелдік тәжірибеге, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының әкімшілік заңнамасындағы медиация институтын құқықтық реттеутәжірибесіне назар аудару маңызды.
Азаматтық, отбасылық және еңбек даулары бойынша медиацияның іс жүргізу ерекшеліктері ғылыми қоғамдастықта керекті деңгейде қарастырылған. Ал медиация институтыәкімшілік әділет бөлігі ретінде елеулі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналмады. Әкімшіліксот ісін жүргізуде медиацияны пайдалану әлеуеті ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан толықашылмаған деп санаймыз. Заң ғылымында қоғамдық - құқықтық қатынастардан туындайтындаулардағы медиацияның ерекшеліктерін ашатын тәсілдер де қалыптаспаған. Қолданыста жүрген ғылыми әдебиеттер мен нормативтік - құқықтық базаны талдау құқықтық жәнеәдістемелік қамтамасыз етуді талап ететін кейбір проблемалық аспектілерді көрсетті.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылар менұсыныстардың ғылыми құндылығы да, теориялық және тәжірибелік маңызы да бар және сотпроцесіне қатысушы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілді жүйесіретінде әкімшілік әділет жүйесіндегі медиация рәсімінің маңыздылығы туралы тұрақты түсінікқалыптастыруға мүмкіндік береді.